Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов (1 мамыр 1947 жыл, Қызылту, Қобда ауданы, Ақтөбе облысы) — қазақстандық саясаткер, Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі (2004—2011).
Білімі Ақтөбе педагогикалық институтын (1977) математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша; Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (1990) инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.
Экономика ғылымдарының докторы (2001).
80-нен астам ғылыми мақала мен еңбектің, оның ішінде «Адами даму концепциясының негізіндегі аймақтың еңбек әлеуетін стратегиялық жоспарлау» басылымының, «Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару» оқулығының авторы.
Еңбек жолы 1965 жылдан - Ойыл МПТУ-196 дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, Темір индустриялық-педагогикалық техникумының студенті, оқытушысы. 1969 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
1971 жылдан - Ақтөбе қаласының КТУ-100 оқытушысы, өндірістік оқыту шебері.
1974 жылдан - Ақтөбе қаласының ҚКТУ-107 директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
1977 жылдан - Ақтөбе облыстық кәсіби-техникалық білім беру басқармасы бастығының орынбасары.
1980 жылдан - Ақтөбе облыстық партия комитетінің нұсқаушысы.
1985 жылдан - Ақтөбе облыстық кәсіби-техникалық білім беру басқармасының бастығы.
1988 жылдан - Ақтөбе облыстық партия комитетінің идеология бөлімінің меңгерушісі.
1990 жылдан - Ақтөбе облыстық халыққа білім беру басқармасының бастығы.
1992 жылдан - ҚР білім министрінің орынбасары.
1995 жылдан - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
1996 жылдан - Ақтөбе қаласының әкімі.
2002 жылдан - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Заң шығару және құқықтық реформа жөніндегі комитеттің мүшесі.
2004 жылдан 2011 жылға дейін - Ақтөбе облысының әкімі.
2011 жылдан 2017 жылға дейін Ақтөбе облысынан сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі.
Қоғамдық қызметі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 13-ші шақырылым депутаттығына кандидат.
Ақтөбе облысы Бокс федерациясының президенті (1985-2005).
Марапаттары «Құрмет» (2001), II дәрежелі «Барыс» ордендерімен, II дәрежелі әулие Сергей Радонежский орденімен; медальдармен, оның ішінде «Ерен еңбегі үшін» (РФ); «КСРО кәсіби техникалық білім беруді дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының «Ана тілі» құрмет белгілерімен марапатталған. ҚР Құрметті спорт қайраткері. Жыл әкімі (2006, 2009). Қазақстан Құрметті жол салушысы. Бокстан КСРО спорт шебері.
Отбасылық жағдайы Әскери атағы - запастағы полковник.
Үйленген. Жұбайы - Құрғұлова Мінаура Әбиқызы. 3 баласы, немерелері бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:1 мамырда туғандар Санат:1947 жылы туғандар Санат:Қобда ауданында туғандар Санат:Ақтөбе облысының әкімдері Санат:Ақтөбе әкімдері Санат:2 дәрежелі Барыс орденінің иегерлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Астана медалінің иегерлері Санат:Ақтөбе мемлекеттік университеті түлектері Санат:Батыс Қазақстан агротехникалық академиясы түлектері Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан экономистері Санат:Ақтөбенің құрметті азаматтары Санат:Темір индустриялық-педагогикалық техникумы оқытушылары Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 13-шақырылымының депутаттары Санат:II дәрежелі Әулие Сергей Радонежский орденінің иегерлері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Ресей) иегерлері Санат:Қазақстан спорт қайраткерлері Санат:Жыл әкімдері Санат:Қазақстанның құрметті жол салушылары Санат:Бокстан КСРО спорт шеберлері Санат:Қазақстан полковниктері