Жер — Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар және тіршілігі табылған жалғыз астрономиялық нысан. Радиометриялық талдау мен басқа айғақтар бойынша, Жер 4,5 миллиардтан астам жыл бұрын қалыптасты. Оның гравитациялық өрісі ғарыштағы басқа нысандармен, әсіресе Күн мен табиғи серігі Аймен әрекеттеседі. Орбита бойымен 365,25 шақты күн ішінде Күнді бір рет айналып шығады.
Жердің айналу осі өз орбиталық жазықтығына қатысты алғанда көлбегендігі жыл мезгілдерін тудырады. Гравитациялық өрісінің Аймен әрекеттесуі судың толысуы мен қайтуына себеп болып табылады. Және де ол әрекеттесу Жерді өз осіне тұрақтандырып, айналуын бірте-бірте баяулатады. Жер Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың ең тығызы және 4 Жер тәрізді ғаламшардың бірі болып саналады.
Жердің сыртқы қатты қабаты - Литосфера Жер бетімен жылжып жүретін бірнеше қатты тектоникалық (литосфералық) тақтаға бөлінеді. Жер бетінің шамамен 29%-ын құрлықтар мен аралдардан тұрады, қалған 71%-ын су (көбінесе мұхиттар, бірақ олармен бірге өзендер, көлдер және басқа тұщы су да) алады. Жердегі судың барлығы гидросфераны құрайды. Полюстік аймақтарының көбін мұз, соның ішінде Антарктикалық мұз қалқан мен Арктикадағы теңіз мұзы, қаптаған. Белсенді ішкі бөлігі қатты темір ішкі ядро, Жердің магниттік өрісін тудыратын сұйық сыртқы ядро және тақта жылжытатын конвекциялық мантиядан тұрады.
Жер тарихының бірінші миллиард жылында мұхитта қалыптасқан тіршілік Жер атмосферасы мен бетіне әсер еткендігінің нәтижесінде анаэробтық және соңыра аэробтық организмдер әр жаққа таралды. Кейбір геологиялық айғақтар бойынша, тіршілік 4,1 млрд жыл бұрын пайда болғаны ықтимал. Сол кезден бері Жер мен Күн арасындағы қашықтық, олардың физикалық қасиеттері, геологиялық тарихы және тағы неше түрлі фактор тіршілікке эволюциялау мен өркендеуге мүмкіндік берді. Жердегі тіршіліктің тарихында биоалуантүрлілік көптеген рет кеңею кезеңдері арқылы өтіп, кейде ағзалардың жаппай қырылғанынан төмендеген еді. Жерде әлдеқашан өмір сүрген түрлердің бәрі 99%-ынан астам бөлігі қазіргі кезде қырылған. Бүгінгі түрлер санын есептеулері әртүрлі; түрлердің көбі тіпті сипатталған да жоқ. Жерде өмір сүретін 8 миллиард шақты адам оның биосферасы мен табиғи қорларына тәуелді болып, ол арқасында өмір сүреді.
Этимологиясы Қазақ тілінде жер сөзі қыпшақ тіліндегі yer сөзінен шыққан, оның өзі прото-түркіше *yẹr сөзінен келген. Татарша җир, шуашша ҫӗр, ескі түркіше 𐰘𐰼 (йер) мен 𐰘𐰃𐰼 (йир) және т.б. түркі тілдеріндегі сөздердің когнаты. Алтай тілдерінің гипотезасы бойынша, түркі, манчжур, моңғол және т.б. азиялық тілдер туыстас. Старостиннің этимологиялық базасында жер сөзі жалпы прото-алтайша *ńĕra түбірінен шыққан делінеді. Ол реконструкция рас болса, моңғолша ǯirig және эвенкіше yerke сөздерінің когнаты болуы мүмкін.
Басқа атаулары парсы не араб тілдерінен енген. Жаһан мен жиһан екі сөзі парсыша дегеннен, дүние мен дүниежүзі араб тіліндегі сөзінен, ал әлем сөзі арабша дегеннен шықты.
Сомен қатар латынша terra (tellus) мен ежелгі грекше () деген атаулары бар. Қазақ тілінде олар жеке қолданылмайды, алайда террариум, теллурий, география сияқты сөздер ішінде кездеседі.
Хронологиясы
Қалыптасуы
Кей есептеуше, Күн жүйесінде табылған ең ескі материалға 4,5672±0,0006 миллиард жыл, ал Жерге болса, шамамен 4,54±0,04 миллиард.See:
Теория бойынша, Күн тұмандығы гравитациялық коллапс арқылы молекулалық бұлттың бір көлемін өзіне бөліп алған, ал бұлт болса, айнала бастап, протоғаламшарлық дискіге жалпайып айналды, сосын ғаламшарлар сол дискінен қалыптасқан. Сондықтан Күн жүйесінің денелері Күнмен бірге қалыптасып дамыған. Жоғарыда ескертілген тұмандықты газ, түйір мұз және ғарыштық тозаң, соның ішінде примордиалды нуклидтер құраған. Небулалық теория бойынша, планетезимальдер аккреция арқылы қалыптасты, атап айтқанда Жеріміз 70-100 млн жыл ішінде пайда болды.
Айдың шамамен 4,5 млрд жыл бұрын қалыптасқандығы қазіргі кезде зерттеу тақырыбы болып жүр. Басым гипотеза бойынша, көлемі Марстікіндей Тейя деген нысан Жерді соққанынан кейін Ай аккреция арқылы қалыптасып алған. Тейяның массасы, Жердікімен салыстырғанда, оның 10 пайызындай болған; біраз бөлігі Жермен бірігіп қалған. Геологиялық тарихы
Жер атмосферасы мен мұхиттары жанартау белсенділігі мен газсыздану (ағылшынша outgassing) арқылы қалыптасты. Сол көздерден шыққан су буы конденсацияланып, мұхиттарды құрады. Содан бөлек, судың кей бөлігі астероидтер, протоғаламшарлар, кометалардан, жалпы айтқанда ғарыштан келді. Жаңа қалыптасқан Күннің жарқырауы қазіргінің 70%-ындай болғанда көшетхана газдары әуелгі мұхиттарды қатып қалудан сақтап жүрген. Атмосфераны талқандағыш күн желінен қорғайтын магниттік өріс 3,5 млрд жылға таман бұрын қалыптасты.
Жердің балқыған сыртқы қабатының қатқанынан кейін тұңғыш қатты, тектоникалық тақталардан тұратын қыртысы пайда болды. Миллиондаған жыл бойы олар тектоника күші арқылы бірігіп, суперконтиненттерді құрып, қайта ыдырап жүрген еді. 750 миллионға жуық жыл бұрын алғашқы суперконтиненттердің бірі — Родиния деген суперконтинент ыдырай бастады. Сосын ыдыраған континенттер қайта бірігіп Паннотияны құрды (600–540 млн жыл бұрын), соңыра Пангея пайда болып, 180 млн жыл бұрын ыдырап қалды. Мұз дәуірлері шамамен 40 млн жыл бұрын орын ала бастады және плейстоценде (~3 млн жыл бұрын) күшейді. Сол кезден бері 21000–100000 жыл сайын биік ендіктерде орналасқан аймақтар әрдайым мұзданып еру циклдері арқылы өтіп жүр. Соңғы мұздану 11700 жыл бұрын бітті.
Тіршіліктің пайда болуы мен эволюциясы
4 млрд жыл бұрын мұхиттағы химиялық реакциялар арқасында алғашқы өзін көбейтетін молекулалар қалыптасты. Жарты миллиард жылдан соң соңғы әмбебап жалпы баба (ағылшынша Last Universal Common Ancestor, LUCA) пайда болған. (LUCA деген жердегі бүкіл тіршілікке баба болып табылатын биологиялық түр.) Сосын эволюция үдерісінде пайда болған фотосинтез тірі ағзаларға Күн энергиясын пайдалануға мүмкіндік берді. Фотосинтез нәтижесінде шығатын оттек () атмосферада жиналып, ультракүлгін сәулемен әрекеттесіп, қорғаныс озон () қабатын құрады. Шағын жасушалардың үлкенірек жасушаларға сіңіп кеткендігінен эукариоттар деген күрделі жасушалы ағзалар қалыптасты. Сонымен қатар ультракүлгін радиациясынан қорғайтын озон қабатының көмегімен тірі ағзалар Жер жүзін қаптады. Тұңғыш тіршіліктің қазба айғақтарының кейбіреулері: Аустралиядағы 3,48 миллиард жылдық құмтас үстіндегі микробты мат қазындысы, батыс Гренландиядағы 3,7 миллиард жылдық меташөгінді жыныстар ішіндегі биогендік графит және батыс Аустралияда табылған 4,1 млрд жылдық тастардағы биотикалық материал қалдықтары. Early edition, published online before print.
Неопротерозойда (1000–541 млн жыл бұрын) Жердің көп бөлігін мұз басқан болуы мүмкін. Бұл гипотеза «Snowball Earth» (ағылшынша Кесек қар (тәрізді) Жер) атанып, ғалымдар арасында қызық туғызды, себебі ол заманнан кейін бірден кембрий жарылысы деген көпжасушалы ағзалардың күрделілену кезеңі келді. Кембрий жарылысынан (535 млн ж. б.) кейін кем дегенде бес ірі және біршама шағын қырылыс болған. Қазір болып жатқан голоцен қырылысын санамағанда соңғысы — 66 млн жыл бұрын астероид құлауы салдарынан болған қырылу ұшпайтын динозаврлар мен басқа үлкен рептилияларды жойып, жәндіктерді, сүтқоректілерді, кесірткелерді және құстарды өркендетті. Бірнеше млн жыл бұрын бір африкалық маймыл түзу тұруды үйреніп алды. Бұл қозғалу өзгерісі сол маймылды құралдарды қолдануға және туыстастарымен барынша байланысуға мәжбүрледі. Сол себептен оған дамыған ми қажет болған. Миы дамығанымен ол бірте-бірте адамға айналды. Ауыл шаруашылығы мен өркениеттің дамуы адамзатқа Жер мен табиғатқа ықпал етуге мүмкіндік берді, алайда біз ол мүмкіндікті немқұрайлы пайдаланамыз.
Болашағы
Келесі 1,1 млрд жылда Күннің жарқырауы 10%-ға және кейінгі 3,5 млрд жылда 40%-ға өседі. Сондықтан Жер бетінің өсіп келе жатқан температурасы 100–900 млн жыл ішінде бейорганикалық көміртек циклін үдетіп, атмосферадағы өсімдіктерге қажет концентрациясын (C4 фотосинтезі үшін 10 ppm) леталды дәрежеге төмендетеді. Вегетацияның жоқ болуы нәтижесінде атмосферадағы оттек таусылады да, барлық жануар қырылып қалады. Көтерілген жарқырау салдарынан орташа температура 100°C-қа жетеді және 1,6−3 млрд жыл ішінде барлық мұхит 1,5 жыл ішінде суалып, ғарышқа ұшып кетеді.
5 миллиард жылдан кейін Күн эволюциялап, қызыл алыпқа айналып кетеді. Кейбір модель бойынша, ол 1 AU-ға дерлік, яғни 250 есе үлкейеді.See also Тіршіліктің көбін Күннің 5000 есе күшейген жарқырауы жояды. 2008 жылы өткізілген симуляцияға сай, ақыр аяғында Жер орбитасы су толысу эффектілерінің салдарынан Күн атмосферасына кіріп газға айналып қалады.
Қасиеттері Пішіні
Жер пішіні сфераға ұқсас. Айналуы нәтижесінде полюстері кішкене жалпиған, ал экваторы кеңейген. Экваторлық диаметрі полюстік диаметрінен 43 км кеңірек, әйткенмен бұл ауытқу орташа радиустың 1%-ын да құрамайды.
Жер массасының центрінен ең қашық нүкте Эквадордағы Чимборасо жанартауында (6384,4 км) орналасқан. Орташа диаметрі 12742 км, бірақ жергілікті топографиясы кішкене ауытқиды (демек, әр жері сәл басқаша). Дегенмен, жаһандық масштабта бұл ауытқу елеусіз: ең үлкені Мариана шұңғымасындағы 0,17% (теңіз деңгейінен 10925 м төмен), ал Эверест тауындағы болса, 0,14% (теңіз деңгейінен 8848 м жоғары).
Химиялық құрамы
+Қыртыстың химиялық құрамыҚосылысФормулаҚұрамКонтиненттікМұхиттықкремний диоксиді60,6%48,6%алюминий оксиді15,9%16,5%кальций оксиді6,41%12,3%магний оксиді4,66%6,8%темір оксидтеріFeOT6,71%6,2%натрий оксиді3,07%2,6%калий оксиді1,81%0,4%титан диоксиді0,72%1,4%фосфор пентоксиді0,13%0,3%марганец оксиді0,10%1,4%Жалпы100,1%99,9% Жердің массасы 5,97×1024 шақты кг. Құрамының үлкен бөлігі темірден (32,1%), оттектен (30,1%), кремнийден (15,1%), магнийден (13,9%), күкірттен (2,9%), никельден (1,8%), кальцийден (1,5%) және алюминийден (1,4%) тұрады, қалғанын 1,2%-ын іздік элементтер құрайды. Масса сегрегациясынан ядроның басым бөлігі темірден (88,8%), кішкене бөлігі никельден (5,8%), күкірттен (4,5%) және 1-ден кем пайызы іздік элементтерден тұрады.
Сыртқы қабатын құраушы жыныстардың бәрі дерлік оксид. Қыртыстың 99%-ынан астам бөлігін 11 басым оксид құрайды: кремний диоксиді, алюминий оксиді, темір оксидтері, кальций оксиді, магний оксиді, калий оксиді және натрий оксиді. Note: After Ronov and Yaroshevsky (1969).
Ішкі құрылымы
+ Жердің геологиялық қабаттарыЖердің қабаттары (масштабы жалған)ТереңдіккмҚабатТығыздықг/см30–60Литосфера—0–35 Қыртыс2,2–2,935–660 Жоғарғы мантия3,4–4,4 660-2890 Төменгі мантия3,4–5,6100–700 Астеносфера—2890–5100 Сыртқы ядро9,9–12,25100–6378 Ішкі ядро12,8–13,1 Жер тобының кез келген ғаламшары (Жер тәрізді ғаламшар) химиялық немесе физикалық (реологиялық) қасиеттері бойынша бірнеше қабатқа бөлінеді. Сыртқы қабаты силикатты және химиялық жағынан оқшау, оның астында аса тұтқыр, қатты мантия орналасқан. Қыртыс пен мантияны бір-бірінен Мохоровичич шекарасы айырады. Қалыңдығы мұхит астындағы 6 км-ден құрлықтағы 30–50 км-ге дейін өзгереді. Қыртыс пен жоғарғы мантияның суық, қатты үстіңгі бөлігі литосфераны құрайды.
Литосфераның астында аса тұтқыр емес, үстімен тектоникалық тақта жылжитын астеносфера қабаты орналасқан. Астындағы 410 мен 660 км арасында қос мантияның өтпелі аймағы тұр. Бұл аймақ кристалдық құрылымдары әртүрлі жоғарғы мен төменгі мантиялардың шекарасы болып табылады. Мантиядан кейін тұтқырлығы орасан төмен сыртқы ядро мен дәл центрінде ішкі ядро жатыр. Жер ішкі ядросының бұрыштық жылдамдығы қалған бөлігінен гөрі сәл жоғары болғандығынан ол жыл сайын 0,1–0,5°-қа жылжып кетеді. Ішкі ядро радиусы Жердің жалпы радиусының 1/5 шақты бөлігін құрайды.
Жылуы