thumb|right|150px Есіл — Ақмола облысы Есіл ауданындағы қала, темір жол бекеті, аудан және Есіл қалалық әкімдігі орталығы.
Географиялық орны thumb|left|100px|Есіл өзені Облыс орталығы — Көкшетау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 335 км жерде, Есілге құятын Қызылсу өзенінің сағасында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1309611551 11484 99,4 5490 5515 100,5 6061 5969 98,5
Тарихы Іргесі Ақмола — Қараталды (Ресей) темір жолын салуға байланысты 1939 жылы қаланды. 1955 жылы Есіл ауданының құрылуына орай бұрынғы Есіл кенті аудан орталығына, 1963 жылы қалаға айналды.
Кәсіпорындары Есілде темір-бетон бұйымдары мен құралымдар зауыты, құрылыс, көлік мекемелері, мұнай базасы, сыра зауыты, элеватор, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, баспахана жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Балалар бақшасы, 2 мектеп, техникалық лицей, музыка мектебі, Арқалық медициналық училищесінің бөлімшесі, мәдениет үйі, клуб, кинотеатр, кітапхана, стадион, аурухана, емхана, дәріхана, санитарлық-эпидемиологиялық станция, қонақ үйі бар. Тұрғындары Көкшетау, Астана, Қостанай, Арқалық қалаларымен темір жол және автомобиль жолдары арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Ақмола облысы қалалары Санат:Есіл ауданы (Ақмола облысы) елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері