Мойынқұм ауданы – Жамбыл облысының солтүстік-шығыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік. Жер аумағы 50,4 мың км². Батыстан шығысқа қарай 330 км, ал оңтүстіктен солтүстікке қарай 275 км-ге созылып жатыр. Тұрғын саны – 28 663 адам (2023).

1964 жылы 31-ші желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиумының Қаулысына байланысты, бұрынғы Көктерек ауданының аумағында қазіргі Мойынқұм ауданы құрылды. Аудан орталығы Фурмановка ауылы болды.

Ауданның географиялық сипаттамасы Солтүстігінде Қарағанды облысының Ақтоғай ауданымен және Приозёрск қаласымен, шығысында Алматы облысының Жамбыл, Балқаш аудандарымен, батысында Сарысу ауданымен, оңтүстігінде Талас, Байзақ, Тұрар Рысқұлов, Меркі, Шу аудандарымен шектеседі.

Мойынқұм ауданы Оңтүстік Қазақстанның орталығына жуық 40-46 градус солтүстік енділікпен 68-74 градус шығыстық-бойлық аралығына орналасқан. Ауданның шығысынан-батысына дейінгі қашықтық 330 шақырым болса, ал оңтүстігінен-солтүстігіне дейін 275 шақырым қашықтықты алып жатыр. Аудан солтүстік жағынан Қарағанды облысынан 190 шақырым қашықтықты қамтитын аумағымен шектессе, Солтүстік Шығыс бөлігінде Балқаш көлінің 115 шақырым жиегін қамтитын жерлерді басып өтеді. Ауданның оңтүстік-шығыс шекарасы Алматы облысының 140 шақырым жерімен шектесіп жатыр және 40 шақырым қашықтықта облысымыздың Қордай ауданының жерін жиектейді. Оңтүстік шекара қашықтығы 180 шақырым Шу, 120 шақырым Т.Рысқұлов аудандарының жерімен шектеседі. Ал оңтүстік-батыс және батыс жағынан қашықтығы 250 шақырым созылған жерлерде Талас ауданының шекарасымен, батыс және терістік-батыс бөлігінде ұзындығы 250 шақырымға шамалас Сарысу ауданының жерімен шектеседі. Жалпы алғанда ауданның шекарасының ұзындығы 1285 шақырымға жетіп, территориясының жалпы көлемі 59 330 шаршы км-ге тең.

Аудан бойынша 1-ші қаңтар 1970 жылға халықтың саны – 46 517 адам болды.

Мойынқұм ауданы облыс территориясының 42 пайызын алып жатыр,яғни жер көлемі бойынша облыста бірінші орында,ал халқының саны жағынан сегізінші орында. Аудан территориясының көлемі Батыс Европадағы Голландия, Бельгия, Люксембург және Манако сияқты майда мемлекеттердің жерімен тең деуге болады.

Ауданның табиғи ресурстары Мойынқұм ауданының жер қыртысы әртүрлі. Ауданның оңтүстік –шығысы мен батыстарында жоталармен қыраттар биік үстірттер кездеспейді. Оның есесіне жал-жал боп жатқан құмды төбешіктер, бұйраттар кездеседі, ал солтүстік-шығыспен Балқаш көлінің оңтүстік жиегін алып жатқан алқапта Шу-Іле тауының сілемдері көп жерді алып жатыр. Қырғыз Алатауының бір тармағы болған, теңіз деңгейінен 1800 м биік. Айтаудан биіктігі 1053 метрлік Хантау бөлінеді. Бұл таудан Жиек деп аталатын қырат басталып, бірнеше ондаған шақырымнан кейін Желтау және биіктігі 947 метрлік Жамбыл тауымен жалғасады. Одан әрі Қойжарылған, Майжарылған, Байғара, Шағырлы деген шөлейтті әр қыратты жерлермен ұштасады.

Аудан көлемінде Шудан басқа да өзеншелер кездеседі. Олар Былқылдақ, Сарыбұлақ, Ақсүйек, Қияқты, Қарасай, Шынтас,бұлардың қайсысы болса да мал суаруға пайдаланылады. Алайда олардың көбісінің суы ашқылтым немесе тұзы аздау өзеншелер. Тек Сарыбұлақ пен Қарасайдың суы ғана тұщы. Дегенмен жаз айларының соңына таман бұл өзеншелер жылғалардың көпшілігінің суы тартылып қалады. Мойынқұм ауданында көлдер көп. Олардың ішіндегі ең үлкені әрине Балқаш көлі. Оның ауданға қарайтын бөлігінің жалпы көлемі 304 шаршы км, тереңдігі 8-12 м. Көлдің батыс жағалаулары құламалы жартасты болып келеді. Олардың ішінде әсіресе Қарақамыс, Қашқантеңіз, Шөмпек деген шығанақтар басқалардан гөрі көлемді. Көлдің жағалауларындағы мүйістер- аралдарда пішендер аз емес. Көлден ешбір өзен немесе өзенше мен жылға ағып шықпаса да, жаз айларында күннің ыстығынан Балқаш көлі аздап тартылады. Дегенмен оған келіп құятын Іле, Қаратал, Лепсі және Аякөз өзендерінің суы молдығынан Балқаш көлі көп болғанда өз арнасынан 0,40-0,77 мм-ге ғана төмендейді. Оның өзі де маусым-шілде айларында ғана, Балқаш көлі көбінесе желтоқсан айының орта шенінен мұз боп қатып, сәуір айының аяқ шені еріп түсіп кетеді.

Халқы 1959 1970 1979 1989Ресей империясы,  КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 26247 46307 47567 46471 34552 31130 28752

Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 24 елді мекен 13 ауылдық округ пен 3 ауылдық әкімдікке біріктірілген:

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Ақбақай ауылдық әкімдігі 1473 534 36,3 804 309 38,4 669 225 33,6 Ақсүйек ауылдық әкімдігі 1231 839 68,2 602 419 69,6 629 420 66,8 Биназар ауылдық округі 1377 1296 94,1 724 673 93 653 623 95,4 Бірлік ауылдық округі 3157 2866 90,8 1549 1435 92,6 1608 1431 89 Жамбыл ауылдық округі 1234 1222 99 639 619 96,9 595 603 101,3 Кеңес ауылдық округі 1907 2065 108,3 963 1090 113,2 944 975 103,3 Қарабөгет ауылдық округі 1603 1394 87 841 726 86,3 762 668 87,7 Қызылотау ауылдық округі 576 646 112,2 283 336 118,7 293 310 105,8 Қызылтал ауылдық округі 1271 1272 100,1 655 644 98,3 616 628 101,9 Қылышбай ауылдық округі 919 870 94,7 477 459 96,2 442 411 93 Мирный ауылдық әкімдігі 864 591 68,4 408 307 75,2 456 284 62,3 Мойынқұм ауылдық округі 8463 8895 105,1 4193 4512 107,6 4270 4383 102,6 Мыңарал ауылдық округі 1539 1418 92,1 777 720 92,7 762 698 91,6 Ұланбел ауылдық округі 1120 969 86,5 605 539 89,1 515 430 83,5 Хантау ауылдық округі 1343 1170 87,1 656 598 91,2 687 572 83,3 Шығанақ ауылдық округі 3053 2705 88,6 1496 1326 88,6 1557 1379 88,6 ЖАЛПЫ САНЫ 31130 28752 92,4 15672 14712 93,9 15458 14040 90,8

Аудан тарихы 1903 жылы Гуляевкада қазіргі Мойынқұм ауданының орталығы Фурмановка ауылында 4 үй болған. Олардың ең алғаш қоныстанған орта дәулетті шаруа Гуляев Федор Яковлевич деген кісі. Бұған дейін Ф.Я.Гуляев Қырғызстандағы Шалдуардан жыл сайын жаз айларында малын айдап келіп осында бағып жүрген. Кейін осы маңайда қоныстанып бір-жола тұрып қалады. Гуляевкамен қатар пайда болған Алексеевка ауылы. Фурмановка ауылының батысында 30 шақырым жердегі қазіргі «Маяк» участогі. Жергілікті халық ондағы немістердің көптігіне байланысты көбінесе оны неміс ауылы, ал ондағы базарды неміс базары деп атап кеткен.

1925-1926 жылдары уақ болыстарды ірілендіру, болыстық советтің атқару комитеттерін ұйымдастыру, әкімшілік басқару орындарының аумақтарын белгілеу істері жүргізілді. Сол жылдары 18 старшин елді / кейін ауыл советі аталды/ қамтитын Аққолтық, Ағашақ, Жалайыр болыстары біріктіріліп Гуляев сельсоветі құрылды. Оның орталығы бұрынғы Гуляевка / қазіргі Фурмановка ауылы болды/.

Селода сол кезде 40-50 ғана үй болған. Бұл сельсовет алғашқыда Гуляев сельсоветі, кейіннен Гуляев подрайоны деп аталған. Сельсоветтің подрайон болып ресми аталғандығы жөнінде мұрағаттық құжаттар сақталған. Гуляев подрайон болған жылдары Гуляевка ауылы өзінше бір ауыл / село/ болып, оның алғашқы басшылығына Василий Гуляев сайланған.

Гуляев селолық Советіне немесе подрайонына 6 ауылдық Совет қамтыған бұрынғы 18 старшина ел қараған.

1925 жылдың аяғында Көктерек болысындағы елдерде – Көкірек ауыл Советі құрылып, Жетісу облысы, Алматы уезі Шоқпар подрайонына қараған.

Жалайыр болысы да ауылдық Совет болып қайта құрылды. Бұл ел Совет Өкіметінің алғашқы жылдары қазіргі Жамбыл атындағы совхоз орталығы маңында Алайғыр тоғанын қазып, қырықшақты үй егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан.

1922-1925 жылдары №4 ауылда «Союз» қосшы ұйымы құрылған. Қазіргі «Талдыөзек» совхозының «Шорман аралы» деп аталатын жерінде халық жиі қоныстанғандықтан, бұрынғы мешіті 1927 жылы мектепке айналдырып, онда 30 шақты бала оқыған. Қазіргі «Фурманов» атындағы совхоздың «Ерназар» участогіндегі елді мекенде сол жылы бастауыш мектебі ашылған.

Қазіргі «Талдыөзек» совхозының территориясында Қылышбай деген әрі ақын, сөзге шешен адам болған. Жамбыл атындағы совхозда Бектас деген жыршы, Зікір деген балуан, «Құмөзек» совхозының территориясында Дүрмішев Молдабек деген ақын болған. «Көктерек» совхозынан арғы елдерде Кенжеқожа, Сауытбек, Жидебай деген ақындар болған. Олар төменгі Шуды жиі-жиі аралап өз өнерлерін ортаға салып жүрген. Сауытбек әрі әнші, композитор болған. Оның «Ақбөпе» деген әні Мойынқұмның «Бескепе» деп аталатын жерінде шығарылған. Белгілі қазақ-совет ақыны Иса Байзақов Сауытбектің «Ақбөпе» әнін шығарудағы оқиғасын «Ақбөпе» поэмасын жазуға сюжет етіп алған. Сонымен қатар қазіргі «Мойынқұм» совхозының орталығынан шығысқа қарай 14-15 шақырым жердегі «Құралай сұлудың бейітіне» байланысты «Құралай сұлу» поэмасын жазған. Шу бойындағы осындай өнерпаздардың өнерінің дамуына Октябрь революциясының алдында ғана келіп қайтқан композитор әрі әнші Балуан Шолақтың ықпалы өте күшті болған. Ол Көкшетау шонжарларының қуғындауынан бой тасалап Шу бойына, Сәмбет елінде 3-4 жыл жүріп қайтқан.

1928 жылдың басында Сырдария губерниясы жойылып, оның орнына территориясына аздаған өзгешеліктер ендіріліп, Сырдария округі құрылды. Бұл округке ендірілген 21 аудан қарады. Соның бірі 1928 жылғы 23 маусымда құрылып, орталығы қазіргі Новотроицк болған Мойынқұм ауданы еді. 1924 жылдан бастап болыс деген ат жойылды. Ауыл немесе селолық Совет атқару комитеті деген атқа ие болды. Әкімшілік, басқару орындары, соның ішінде Гуляев подрайоны 18 ауылды қамтыған 6 ауыл Советі біріктірілді. Ірілендірілген бұл селолық Совет атқару комитетіне немесе подрайонына қазіргі Шу ауданының батыс бөлігін, төменгі Шу өзенінің сол жағасындағы елді мекендердің барлығы да кірді. Жаңа құрылған Мойынқұм ауданына Гуляев подрайонына қарасты 6 ауыл Совет 18 елді мекенінен басқа 31 елді мекен қараған 12 ауыл Совет қарады. Аудан Сырдария округіне бағынды. Ал Шу өзенінің оң жақ бетіндегі елді мекендер Алматы округіне қарасты Шоқпар ауданына қарады. Бұл ауданның орталығы алғашқы кезде Көктөбе ауылы, кейіннен Воскресенское / қазіргі Ленинское / ауылы болды. Сол кездегі мұрағаттық құжаттарына қарағанда 1929 жылы Шоқпар ауданына Мойынқұм жеріндегі Көкірек ауыл Советі қарап келген. Шоқпар ауданына ол жылдары қазіргі Мыңарал кентінің халықтары да қарап келген.

1930-1931 жылдары көшпелі елді отырық тандыру, әкімшілік-басқару органдарын жетілдіру, территориялық шекараларды анықтау істері барған сайын маңызды іске айналды. Сондықтан жеке қожалықтарды жаппай коллективтендіру, партия Совет органдарының экономикалық және мәдени құрылыс ісіне басшылығын барынша арттыру мақсатында 1930 жылы тамыз айында КСРО Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі округтерді жою, оның орнына ірілендірілген аудандар құру туралы қаулы алды. Осыған байланысты Қазақстандағы 13 округ, оған қараған 193 ауданның орнына орталыққа тікелей бағынатын ірілендірілген 121 аудан құрылды. 17 желтоқсан 1931 жылы Сырдария округі мүлдем жойылды. Сол аудандастыру кезінде 10 артель, бірнеше серіктері бар бұрынғы Мойынқұм мен Шоқпар аудандары 1931 жылдың аяғында бірігіп, Новотроицк ауылы аудан орталығы болып қала берді. 49745 адамы бар бұл аудан 20 ақпан 1932 жылдан бастап, 1939 жылдың 14 қазанына дейін, яғни Жамбыл облысы құрылғанға дейін Алматы облысының аумағына енді. Өйткені аудандарды басқару жұмысын жеңілдету үшін 1932 жылдың қаңтарында ВКП /б/ Орталық Комитеті Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарын құру туралы қаулы қабылдаған болатын. Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің екінші сессиясы 1932 жылы аталған қаулының жүзеге асуын қамтамасыз етті.

Гуляевка ауылынан 30-35 шақырым төмен №18 ауылға қарасты бұрынғы Алексеевка ауылында 1926 жылы ұйымдасқан бұл серіктіктің негізгі шаруашылығы мал өсіру болды. «Маяк» серіктестігі 1932 жылға дейін өмір сүрді.