Олиготрофты батпақ (Олиготрофное болото, верховое болото; oligos — азғантай, шамалы, trophe — қорек, қоректену) — минералдық қоректер аз (жоғарғы қабатының күлге айналуы < 4 %) беткейлік батпақ. Әдетте, ыза суларымен байланысы жоқ және атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді. Олиготрофты батпаққа тән сипат — ол сфагналық мүктердің тұтас жамылғысы. Олиготрофты батпақ беті шығыңқы сипатта, орталық бөлігі шеттеріне қарағанда 7—8 м-ге көтеріңкі келеді. Олиготрофты батпақтарға тән өсімдіктер: көкбұта, қазанақ, көкжидек, мүкжидек және т.б.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы