Оқшаулағыш p-n өткелі () — шалаөткізгіш интегралдық схемаларда элементтерді электрлік түрде оқшаулап айырғыш.

Мұнда әрбір элемент ИС жұмысы уақытында кері ығысу кернеуі берілетін p-n өткелімен қоршалған өз аумағында қалыптастырылады. Осындай өткелдерді "оқшаулағыш" деп айтады, өйткені кері ығысу берілгенде, олар арқылы тек қана тығыздығы өте аз ақпа токтар жүріп жатады. Оқшаулағыш p - n өткелдері планарлық-эпитаксияльдық технология әдісімен жасалады (планарлық технология). Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі - Электроника, радиотехника және байланыс.

Дереккөздер

Санат:Микроэлектроника