Шымкент — Қазақстандағы республикалық маңызы бар қала, халық саны бойынша елдегі қалалар арасынан үшінші орында.

2018 жылғы 19 маусымға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болған, бұл қалада қазір 1 028 673 адам тұрады (2019). Шымкент Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда халық саны бойынша 3-орында. Сонымен қатар Шымкент Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірі болып табылады. Шымкент қаласы ТМД-ның 2020 жылғы мәдени астанасы мәртебесіне ие болды.

Этимологиясы Ғалымдар Шымкент туралы кездесетін әр түрлі тарихи деректерді атай отырып, қала атауының мағынасын «бау-бақшалы қала», «жасыл қала», «шыммен қоршалған қала» — деп түсіндіреді. Мысалы, шымға қатысты қала атауы былай деп түсіндіріледі: Шымкент түркінің «Шым» және парсының «Кент» — қала, мекен деген сөздерінен құралған. Ал басқа түсіндірмеде қала атауы соғдының (иранның) «чиминь-чемень» яғни, көгалды, гүлденген алқап, ал бұған «Кент» сөзінің жалғануымен, «жасыл (гүлденген) қала» деген мағынаны білдіредіҚазақстан [Мәтін]: ұлттық энциклопедия; бас редакторы Б. Аяған; редакция алқасы: С. Әбиев [ж. б.] .- Алматы: Қазақ энциклопедиясы , 2007.– 10000 дана . – ISBN 9965-893-10-1 (9-т.), ISBN 9965-9389-8-9.

Тарихы Осы уақытқа дейін ғалымдардың көпшілігі қазіргі Шымкент қаласының аумағындағы қоныс мекендер XI−XII ғасырларда болған деп болжаған. Сонымен қатар Шымкенттің бұдан да ертеректе пайда болғаны жөнінде болжам бар. Бұған дәлел — археологиялық қазбалар мен құрылыс барысында табылған қабырлардың жерлеуші, мамандардың болжамы бойынша, біздің заманымызға дейінгі V–VІ ғасырларға тән.

Өткен ғасырдың басындағы қала қамалы болған жерде жақында бір еркек пен әйелдің мәйіті табылды, және ол зороастрлық салтпен жерленгендігі анықталып отыр, олай болса бұл мәйітке 1500 жыл. Бірқатар археолог-ғалымдардың пікірлері бойынша, бұл жерде үлкен қорым болған, егер бұл расталса, онда қаланың пайда болған мерзімі қайта қаралуы мүмкін. Біздің заманымызға жеткен жазба деректерде Шымкент алғаш рет елді мекен ретінде парсы тарихшысы Шараф ад-Дин Әли Йаздидің (1425 жыл) біздің жыл санауымыз бойынша 1365–1366 жылдардағы Әмір Темірдің әскери жорықтары туралы жазған «Зафар Наме» атты («Жеңіс кітабы») кітабында кездеседі.

Қандай болғанда да, қала ескі заманнан-ақ адамдардың өмір сүруіне қолайлы мекен болған. Оған ежелгі қоныстарға жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған мәдениет мұралары дәлел бола алады. Тау етегінде өзен бойындағы алқаптарда егіншілік пен жүзімдік, ал көгалды таулы жайылымдарда — мал шаруашылығы дамыған.

Көне және ортағасырлық тарихы thumb|left|Ескі қала ішіндегі көне қалашығы цитаделі thumb|left|1886 жылы салынған Радонеждік Әулие Сергей шіркеуі (2009 жылы қираған) Шымкент қаласының аймағы жүздеген жылдар бойы көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған. Қала бірнеше рет басқыншылардың жойқын шабуылдарына ұшыраған. Шыңғыс хан жорықтарға жасақтарымен қала арқылы өтіп, ақырында Шымкент Шыңғыс хан ұрпақтарының қол астына өткен. Ақ Орда және Алтын Орда хандары жүргізген соғыстардың нәтижесінде қала Әмір Темірдің қол астына кіреді. XV ғасырдың басынан Шымкент XVIII ғасырдың жартысына дейін Жоңғар шапқыншыларының тонауына ұшырайды. Сансыз соғыстар мен өзара тартыстар жергілікті халықтардың өміріне қайғы-қасірет әкелгенімен, Сайрам оазисі-жер өңдеу мен бау-бақша және қол өнері өркендеген аймақ болып қала берді.

XVII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында Шымкентті билеп алу мақсатында Қоқан және Бұхара хандықтары күрес жүргізді. 1810–1864 жылдары Шымкент Қоқан хандығының билігіне өтіп, хан өкілінің резиденциясы болды. Мұнда Қоқан әскерлерінің саны жағынан үлкен гарнизоны тұрақтап, қала негізінен әскери қамал ретінде пайдаланылды.

Ресей империясы 1864 жылы қала орыс әскерлерінің тіке шабуылымен алынды. Қазақстан мен Орталық Азияның Ресейге қосылуы аяқталған соң, Шымкент Жаңақоқан бағытының құрамында болып, соңынан Түркістан уезінің, ал 1867 жылдан Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария облысының уездік қаласы болды. Осы кезден бастап Шымкент Еуропалық Ресей мен Батыс Сібірді Орта Азиямен жалғайтын, маңызды транзиттік мекенге айналды. XIX ғасырдың соңында қалада сауда-саттық дамыған: 19 мануфактуралык, 70 ұсақ-түйек дүкені, 50 шайхана, 10 керуенсарай, 9 тамақ-тандыру орны, 27 ұн дүкені, ал XX ғасырдың басында — 3 май шайқататын, 5 тері илейтін, 15 кірпіш шығаратын, 26 диірмен, 4 мақта тазалайтын, ұсақ өнеркәсіп, 15 ұстахана және 15 сабын қайнататын өндіріс орындары бар үлкен өнеркәсіп қалаға айналды.

Қала экономикасының дамуында 1883 жылы ашылған дәрі-дәрмек өндіретін сантонин (кейінгі «Химфарм» АҚ химия-фармацевтикалық зауыты) зауыты маңызды рөл атқарып, оның өнімдері экспортқа шығарылатын. Шымкент сантониносының сапасы өте жоғары болды, сондықтан ол ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие болды. Оңтүстік Қазақстанның табиғи-климаты дермененің өсуіне қолайлы, ал дермене сантонино өндіріс жершарында өте сирек кездеседі. Сондықтан да Шымкенттің алғашқы және қазіргі таңбасында дермене бұтақшасы бейнеленген.

1914 жылы Қазақстанның Ресей империясына қосылуының 50 жылдығына орай қалаға орыс генералы Михаил Черняевтің Черняев тегі берілді. 1921 жылы қала Шымкент атауына қайта ие болды.

Кеңестік тарихы XX ғасырда қала тарихының жаңа кезеңі басталды. Қала халқы елдегі үлкен өзгерістер нәтижесінде жаңа жетістіктерге жете бастады. Қалада жаңа өндіріс орындары салынып, оқу орындары мен ғылым, мәдениет ошақтары ашылды. Қала келбеті жаңа тұрғын үйлер, гүлзар, көшелері, саябақтарымен ажарлана түсті. 1930 жылдары Шымкентте қорғасын зауыты салынды. Бүл алып өндіріс орны КСРО-дағы өндірілетін қорғасынның 70%-н беріп отырды. Қалада май комбинаты, шұлық және айна фабрикалары іске қосылды. 1932 жылы ауылшаруашылық авиациясының базасы құрылып, бұл Шымкент әуежайының негізін қалады.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Шымкент қаласы КСРО-дағы маңызды қалалардың біріне айналды. Соғыс жүріп жатқан аймақтардан бұл жерге елдегі бірқатар өндіріс орындары, 17 зауыт пен фабрикалар көшіріліп әкелінді. Қала танктерге қажетті қосалқы бөлшектер, снарядтар, металл, қорғасын, оптикалық қүралдар және басқа да өнімдерді өндірді. Шымкентке өсімдіктер ғылыми-зерттеу институты және Харьковтегі авиация училищесі көшірілді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында ондаған мың шымкенттіктер жаумен шай-қасып, 7 жерлесімізге Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Соғыстан кейінгі 1950–1980 жылдары экономика дами бастады. Қалада жаңадан ірі кәсіпорындар құрылды. Олардың ішінен мақта-қағаз комбинаты, қаракөл, цемент, гидролиз зауыттары, «Восход» тігін фабрикасы, металлқұрастыру және тұрғын үй құрылысына қажетті материалдарды өндіретін кәсіпорынды, «Электроаппарат» зауыты, ал, тамақ өнер-кәсібінен ет, сүт, сыра, салқындатылған сусындарды шығаратын кәсіпорындарды атауға болады. Химия өнеркәсібі жедел дамыды. Шымкентте фосфор, шина және мұнай өңдеу сияқты алып зауыттар салынып, Омбы–Павлодар–Шымкент мұнай құбыры тартылды. Тұрғын үй салу қарқындап жүріп жатты. Жаңа мөлтекаудандар, көшелер, даңғылдар, саябақтар, скверлер пайда болды. Білім беру, медицина және мәдениет мекемелерінің саны өсіп, спорттық-сауықтыру кешендері салынды. Кейін салынған демалыс кешені құрамында дендробақ, зообақ, жасанды көл және ипподром бар.

Тәуелсіз Қазақстан thumb|297px|Шымкент вокзалының алдыңғы ауласы, 2021 жыл 2021 жылы National Geographic Qazaqstan жазған ақпарат бойынша тәуелсіздіктен бері Шымкентке 2,5 триллион теңге инвестиция тартылды. Шетелдік инвесторлардың көмегімен бірге жалпы сомасы 2,3 млрд АҚШ долларын құрайтын 17 жоба жүзеге асқан. Журнал жазуынша «келбеті түбегейлі өзгерген» бұл қалада 1991 жылғы желтоқсаннан бері 98 мектеп, 470 балабақша және 6 мемлекеттік, 21 жекеменшік аурухана ашылды. Шымкенттің әр екінші тұрғыны, оған қоса, — тәуелсіздік тумасы. Әкім Мұрат Әйтенов сөзінше 1990 жылдардан бері Шымкент тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 10 жылға өсті.

Рәміздері

Халқы Шымкент қаласы халқының саны:

1897 1908 19131939 1959 1970 1977 1979 198911 19417 00019 00074 000153 000247 000303 000321 535392 977

1992 1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999405 500409 700411 400414 400417 900417 400419 700435 300

2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009482 900502 700506 700513 100521 200526 100535 100554 600602 300615 000

2010 2011 2012 2013 2015 2016 2019 2024629 100642 600662 300683 300858 147885 7991 028 6731 236 900

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Алғаш рет қаланы аудандарға бөлу 1945 жылы енгізілді. Сол кезде Центральный, Железнодорожный және Заводской әкімшілік аудандары құрылды..

КСРО-ның тарауы қарсаңында 1989 жылғы Бүкілодақтық халық санағы мәліметтері бойынша қала 3 ауданнан тұрған: Абай, Еңбекші, Дзержинский (кейінірек Әл-Фараби болып өзгерген).

Қазіргі таңда Шымкент 5 әкімшілік ауданнан тұрады: Абай, Еңбекші ауданы, Әл-Фараби ауданы, Қаратау ауданы және Тұран ауданы.

Саясаты Әкімдігі

Шымкент қалалық әкімдігі — Шымкент қаласы әкімінің аппараты қала әкімінің қызметін басқаруды және бақылауды, оны ұйымдық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Мәслихаты

Шымкент қаласы мәслихаты — Шымкент қаласының жергілікті бірпалаталы заң шығарушы органы, 1993 жылы құрылған. 2023 жылдан бастап мәслихат депутаттарының бір жартысы партиялық тізім бойынша сайланса, басқа жартысы бірмандатты округтерден сайланады. Мәслихат — Қазақстан заңнамасына сәйкес қала халқының еркін білдіретін және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын, олардың орындалуын бақылайтын өкілді орган.

Инвестициялық әлеуеті thumb|left|250px|Мега Орталық Шымкент 2019 жылдың соңында Шымкент қаласының экономикасына 194,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. 2019 жылы қалада жалпы құны 25,6 млрд.теңгеге 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, жаңа 420 жұмыс орны ашылды. Қалада 2 индустриалды аймақ бар (Оңтүстік - 337 га және Тассай - 89 га). Индустриалды аймақтарға бөлінген жердің жалпы ауданы 426 га құрайды.

Шымкентте жалпы құны 33 млрд. теңгені құрайтын алты инвестициялық жобамен көліктік-логистикалық аймақ құру жобасы жүзеге асырылуда. Жалпы жер көлемі 92 га құрайды.

Қалаға инвесторларды тарту мақсатында ауданы 306 гектар болатын «Жұлдыз» атты жаңа индустриалды аймақ құрылуда. Бірінші кезеңде 76 га (2020–2021), екінші кезеңде - 230 га (2021–2022) жер игеру жоспарлануда.

Сонымен қатар, әлеуетті инвесторларды қосымша ынталандыру мақсатында аумағы 136 гектар болатын Шымкент агроөнеркәсіптік аймағын құру процесі басталды, онда көтерме және бөлшек сауда қоймалары мен ауылшаруашылық кәсіпорындары орналасатын болады. Құны 8 млрд. теңге болатын 6 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, қалада 427 гектар аумақта «Шымкент сити» қала құрылысы бойынша арнайы экономикалық аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыру барысында «Highvill» (Оңтүстік Корея), «Kinder World» (Сингапур), «Eryapi» (Түркия) компанияларын тарту көзделген. Жоба аясында қала экономикасына 1,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тартылатын болады. Жоба қаланың 50 мың тұрғынын баспанамен қамтамасыз етуді көздейді.

Өнер және мәдениет thumb|left|Бауыржан Момышұлының ескерткіші thumb|left|Пушкин атындағы кітапханадағы аллея Қалада жүзеге асырылып жатқан мәдениет саясаты Оңтүстік Қазақстанда жасайтын ұлттық мәдени-полиэтникалық қоғамдардың қалыптасқан мәдениетін, салт-дәстүрлерін, достықты, татуластықты жандандыруға бағытталған. Шымқалада қазақ, славян, өзбек, башқұрт, татар, неміс, еврей, корей, әзербайжан және басқа, барлығы 16 ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істеуде. Олардың белсене қатысуы және қолдауымен ұлттық саясат және тұрғындардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыру мәселелері оң шешімін тауып келеді.